27-10-23 |
1100 рет қаралған
«Қазақмыс» кен орнында болған апатты жасырып отыр ма?.
«Қазақмыс» кен орнында болған апатты жасырып отыр ма?

2023 жылдың 24 қазанында «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Сары-Оба кенішінің Жыланды кенішінде апат болды.

Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушылары жазып жатыр.

Конвейер желісі опырылып, сол сәтте оның үстінде тұрған бірнеше кенші құлап, өте ауыр жарақат алған. Олардың кейбірі қазір Жезқазған медициналық орталығының жансақтау бөлімінде жатыр. Дәлірек айтсақ, жансақтау бөліміндегі орындардың барлығы жарақат алған жұмысшыларға толы – деп жазады әлеуметтік желі қолданушылары.

Олар корпорацияның баспасөз қызметі бұл фактіге ресми түсініктеме бермегенін жазған.

Тіпті, қазір «Қазақмыс» басшылығы өндірістік апат фактісін жасыруға тырысып, жұмысшыларға қатты қысым жасалып, қоқан-лоққылар жасалып жатыр. Зардап шеккендердің туыстары орталық түнде жабылған сағаттарын есептемегенде, тәулік бойы дерлік медициналық орталықтың дәліздерінде отырады және жағдайға қатты алаңдайды – деп жазды Ринат Биқаев есімді қолданушы.

Ол бұл жағдайда облыс басшылығы мен Қазақстан Республикасы үкіметінің осы фактіге қатысты жағдайға тікелей араласуын және төтенше жағдайды жұртшылықтың қатысуымен толық ашық тексеру қажет деп есептейтінін айтты.

Ал Қазақмыс басшлығы кеншілердің жағдайы жақсы дейді.

Стакердің таспалы конвейерінің роликтерін тексеру кезінде жұмысшылар Стакер алаңымен бірге кен үйіндісіне құлады. Нәтижесінде барлық алты қызметкер Жезқазған қаласының «медициналық орталығына» жіберілді. Бүгінгі таңда 2 қызметкер травматология бөлімінде, қызметкерлердің жағдайы қанағаттанарлық, ауырлық дәрежесі белгіленеді. Төрт қызметкер тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық емделуге жіберіледі. Оқиғаның себептері анықталуда – делінген конпания таратқан ақпаратта.

Arasha.kz

ФОТО: Дереккөз

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.