17-01-25 |
570 рет қаралған
ҚазАвтоЖол Абай облысының жолаушыларына ескерту жасады.
ҚазАвтоЖол Абай облысының жолаушыларына ескерту жасады

Абай облысында ауа райы құбылып тұр. 17 – 18 қаңтар күндері облыста қар жауып, қатты жел соғады деп күтілуде. Осы ретте «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Абай облысы филиалының мамандары жолаушыларға жолда абай болуды ескертуде.

Жол мамандары аса қажет болмаса, алыс сапарға шығуды кейінге қалдыра тұруға да кеңес беруде.

Облыстағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жолшылар күшейтілген режимде жұмыс істеуде. «ҚАЖсервис» ЖШС Абай облысы филиалынан бүгін жолдағы қарды тазалауға 40 астам техника мен 100 жуық адам жұмылдырылғанын айтады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.