arasha.kz

Семей көшелерінен 1500 текше метрден астам су айдалды

Семейде қардың еруінен көшелерді су басып жатыр. ТЖД еріген қар суларын сорғы құралдарымен айдап жатқандарын мәлімдеді.

«ЖАО күшімен Щорс, Кирпичный, 3-ші Лодочная, Восточный және Подгорная кенттері, сондай-ақ қаланың басқа бөліктерінде су айдау жұмыстары жүргізілді, «Теплокомэнерго» МКҚК-мен бірлесіп инертті материал таратылды», – делінген хабарламада.

Департамент қызметкерлері Красин, Садовая және Менжинский көшелеріндегі аула аумақтарынан су айдау жұмыстарын жүргізді.

Арық жүйесін тазарту үшін ТЖМ 68303 Ә/Б күштері мен құралдары тартылды.

Қазіргі уақытта қала көшелерінен 1500 текше метрден астам су айдалды.

Жұмыстарға ЖАО, ТЖД және 68303 ӘБ-нің жеке құрамның 60-тан астам адамы және  20-дан астам техника жұмылдырылды.

Exit mobile version