17-08-23 |
850 рет қаралған
Шахтинскте тағы да шахта өртенді.
Шахтинскте тағы да шахта өртенді

Шахтинскідегі «Қазақстан» шахтасында өрт шығып, әзірге 227 адамның жартысынан азы шығарылды.

«Қарағанды ​​облысында «АрселорМиттал Теміртау» көмір кенінің «Қазақстан» шахтасында конвейер лентасының тұтануына байланысты апатты жою жүріп жатыр. Оқиға орнында облыс әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин мен Шахтинск қаласының әкімі Мұрат Қыдырғанбеков жүр. «ПВАСС» РТСШ қызметкерлері жұмыс істеп жатыр – деп хабарлады АМТ баспасөз қызметі.

Өрт таңғы сағат 10.05-те басталған.

Д6 көмір еңісін (горизонт – 170 м) игеру кезінде конвейер лентасы өртенді. Қазір апатты жою жұмыстары жүріліп жатыр. Шахта желдетілген (ауа беру кері күйге ауыстырылған). Оқиға орнына РТСШ «ПВАСС» үш бөлімшесі (15 қызметкер және 5 техника) және ТЖД (8 қызметкер және екі техника) келді. Шахтада барлығы 227 адам болған, адамдар шахтадан қапталдағы оқпан арқылы жер бетіне шығарылып жатыр. Қазірдің өзінде 65 адам шығарылды (12.23-тегі жағдай бойынша 101 адам шығарылған – дереккөзі), – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, оқиға болған жерге ПВАСС және ТЖД-ның қосымша күштері де жіберілді.

Arasha.kz

ФОТО: 365info.kz 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.