18-10-21 |
3580 рет қаралған
Аймағамбетовтің Гариковке шамасы жете ме?.
Аймағамбетовтің Гариковке шамасы жете ме?

Гариков Димитрий Александрович. Бұл кісі Семей қаласы әкімінің орынбасары. Осы шенеунік өткен сенбі, 16 қазанда қалада сенбілік өткізіп, мұғалімдерді жұмысқа салған.

фото: arnapress.kz
фото: arnapress.kz

 

«Педагог мәртебесі» заңындағы өз құқықтарын қорғауға қауқары жоқ семейлік мұғалімдер Гариков айтты, біз көндік деп салпаңдап сенбілікке кете барған. Мұғалімдердің көше тазалап жүргені туралы ақпарат шығып, ол лезде тарап, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке жетеді.

«Педагог мәртебесі» туралы заңның қабылдануына күш салып, әйбат министр атанып жүрген Аймағамбетовке заңға қарсы келіп, мұғалімдерді жұмысқа салған Гариковтің ісі ұнамаған. Министр дереу әлеуметтік желісіндегі парақшаға: «Семей қаласында оқу процесіне кедергі келтіріп, мұғалімдерді көше сыпыруға жіберген. Шамасы, мұндай тапсырманы қала әкімінің орынбасары беріп, осындай мазмұндағы хат мектептерге таратылған.

2019 жылдың желтоқсанында қабылданған Заң шеңберінде педагогтерді өзіне тән емес функцияларға тартуға тыйым салынады. Содан бері мұғалімдер тек тікелей функционалдық міндеттермен айналысуы керек екенін түсіну үшін уақыт жеткілікті болды.

Мұндай бұзушылықтар үшін екі жүзге жуық басшы жазаланды. Олар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тіпті жұмыстан шығарылды.

Семей қаласындағы оқиғаға байланысты білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті әкімшілік іс қозғап, тексеру жүргізіліп жатыр. Қала әкімі орынбасарының бұл жағдайға қатыстылығы расталған жағдайда, аталған лауазымды тұлға және өзге тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Біз сондай-ақ қажетті шаралар қабылдау үшін Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жүгінеміз. Сонымен қатар қалалық білім бөлімінің басшысы да жауапкершілікке тартылады», – деп жазды.

Бастысы, министр айтты. Мұғалімдерге қамқор екенін көрсетті. Ал Гариковті жауапкершілікке тарта ма, тартпай ма белгісіз. Шамасы Гариков сөгіс алып құтыла салатын шығар…

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.