04-08-22 |
1500 рет қаралған
Ауыл әкімі шаруалардың жерін тартып алып, шошқа өсіртпек.
Ауыл әкімі шаруалардың жерін тартып алып, шошқа өсіртпек

Борсақ ауылы маңынан доңыз өсіретін кешен салу бойынша Ұлан ауданы әкімдігінің өкілдері бұған дейін де тұрғындармен бірнеше рет кездесу өткізген. Нақты келісімге келе алмаған. Бүгін аудан әкіміне мәселені төтесінен қойды.

Qazaqstan теларнасының мәліметінше, ауыл тұрғындары бірнеше жүз мың талпақ танау өсіретін кешен салынса, жер-су, ауа ластана ма, деп үрейленіп отыр.

«Біздің жерімізді, суымызыды бұығайды да кетеді. Біреуі бір келіп қи тастайтын болса,пәленбай тонна қи тастайды. Оны қайда жібересің фабриканың қасынан өтеміз. Сасық әзер өтеміз»,-дейді Ұлан ауданының тұрғыны Марат Кәметжанов.

Борсақ ауылының тұрғыны Орынбек Шәріпов те бұл жобаға түбегейлі қарсы екенін айтты.

«Неге жерді берді? Тартып ала алмайды ғой. Заңда жоқ тартып алу деген. Сол себептен бұл жобаға қарсымын»,-деді ол.

Доңыз өсіретін кешенді салу үшін аудан әкімдігі осы ауылдағы бір шаруа қожалықтың 80 гектар жерін алып қойған. Қоғамдық тыңдауда ауылдастары кәсіпкерді де сұрақтың астына алды.

«Аудан әкімі шақырып алды. Содан кейін түсіндіріп айтты. Шошқа фермасын саламыз деп. Мен айттым жерді бермеймін деп. Жер өзіме керек. Анау жер шабындық. Бермесең де, берсең де саламыз ол жерге, деді. Алып қойды. Картамен сызып алды. Сол жерде жер қатынастарының өкілдері отырды»,-дейді шаруашылық жетекшісі Мырзахан Сүлейменов.

Аудан әкімі ауыл тұрғындарына жобаның экономикалық тиімділігін айтып, барлық экологиялық талапқа сай келетін түсіндіруге тырысты.

«Енді былтырғы шілдеден бастап, жаңа экологиялық кодекс күшіне енген. Қазір ең бірінші жобалық құжатнама әзірленуде. Табиғатқа зиянын келтіріп отырған жоқ. Одан қорқатын ештеңе жоқ»,-дейді Ұлан ауданының әкімі Ринат Құрмамбаев.

Инвесторлардың сөзіне сенсек Орталық Азияда мұндай кешен жоқ. Бұл орын толығымен жабық болады. Лас қалдықтың бәрі сол жерде өңделіп, тыңайтқыш ретінде шаруаларға берілмек. Жоба жүзеге асса 2 мыңға жуық адам тұрақты жұмысқа орналасады.

«Кешеннің өзі елдімекеннен 3-5 шақырым алыста салынады. Арнайы санитарлық аймақ болып есетпеледі. Толық қоршалады. Ең негізгі экономикалық тиімділігінде. Тек бір кешеннен жылына ауданға 20 миллион салық түседі»,-дейді жоба жетекшісі Андрей Чистюхин.

Тұрғындар қоғамдық тыңдауда бұл жобаға қарсы екенін ашық айтты. Есесіне мал бордақылау кешені салынса қолдайтындарын жеткізді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.