Курчатов қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Ядролық Орталығында Ресей Федерациясы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасындағы «Бұрынғы Семей полигонының аумағында орналасқан «Колба» контейнерлері мен арнайы технологиялық жабдық туралы» мәселені талқылау үшін және 1997 жылғы 28 наурыздағы келісімді іске асыру шеңберінде үкіметаралық Үйлестіру тобының кезекті отырысы өтті.
-Ресей және Қазақстан тарапының мамандары ядролық қару сынақтарының салдарын жоюға қатысты мәселелерді реттеуі, келісімге келуі біз үшін аса маңызды,-деді Ұлттық Ядролық Орталықтың бөлім басшысы Айнұр Ахметова,-сол мақсатта бұрынғы Семей сынақ полигоны нысандарында орындалған іс-шаралардың тиімділігі мен басымдылығы атап өтіп, аталған Келісім бойынша бірлескен қызметтің қорытындыларын талқыладық.
Айта кету керек, үйлестіру тобының жұмысы шеңберінде АҚШ мамандарының қатысуымен жеке кеңестер беріліп, оның барысында осы уақытқа дейін қол жеткізілген нәтижелер мен үш жақты ынтымақтастықтарға жоғары баға берілді. Барлық жұмыстар Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың ережелеріне қатаң сәйкестікте жүзеге асырылатынын ерекше атап өткен жөн.
Дереккөз: altaynews
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
17.11.2024
-
16.11.2024