arasha.kz

Даниал Ахметов «ADK» сауда үйінің өзінікі емес екенін айтты

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов «ADK» сауда үйіне өзінің қатысы жоқ екенін әкімнің есеп беруінде айтты.

«ADK» ойын-сауық және сауда үйлері  желісі Қазақстанның әр жерінде бар. Айта кетейік, Даниал Кенжетайұлы басқаратын Шығыс Қазақстанның орталығы Өскемен қаласында да «ADK-river» деп аталатын орталық бар. Осы орталық әкімдікі екен деген алып-қашпа әңгіме ел арасында тарағандықтан әкімнің есеп беру жиналысында көтерілген.

– «Бес жыл бұрын маған «ADK» деген дүкен бар екенін айтқан. Ол жерге жұбайыммен бірге барып, азық-түлік сатып алдым. Дүкеннің атауымен менің аты-жөнімнің сәйкес келіп тұрғаны қызықтырды. Ол қаланың шетінде орналасқан кезде ешкім назар аудармайтын. Енді орталықтан ашылған кезде бұл сәйкестік бәрінің есіне түсті. «ADK» – Алматинский домостроительный комбинат, яғни Алматы үй-құрылыс комбинаты деген мағына береді. Оны салған кәсіпкер менің қабылдауымда болған. Екеуіміз бұл жайтқа күлген едік. Оған табыс тілейік, – деді Даниал Ахметов жиналыста.

Exit mobile version