arasha.kz

Мас жүргізуші төрт баланы қағып кетті

Шығыс Қазақстан облысында мас жүргізуші төрт баланы қағып кетті. Осының салдарынан бір бала қайтыс болып, қалғандары мертігіп ауруханаға түсті. Оқиға 5 қыркүйектің кешінде болған. Жаңа Шүлбі ауылында жасы отыз бірдегі жүргізуші мас күйінде көлікке мініп, басқара алмай қалған. Нәтижесінде ойнап жүрген төрт бала зардап шекті.
«Mitsubishi Challenger жүргізушісінің кінәсінен болған оқиға кезінде 5, 10, 11 және 12 жастағы балалар зардап шекті. Өкінішке орай, 10 жастағы қыз жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды. Ал, түрлі жарақат алған қалған балалар ауруханаға түсті», – деді Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта жүргізуші аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалып, бұл фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Exit mobile version