arasha.kz

Өскемен басшысы өзін қорлаған блогерді сотқа бермек

Блогерге «сөзің үшін жауап бересің» деп жазған Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омардың басы дауға қалды. Александр Осипов есімді азамат Instagram желісіндегі парақшасында сапасыз жолдарға шағымданып пост жазған. Ол Омармен жазысқан хабарламаның скриншотын жариялап, әкімді екіжүзді адам деп айыптаған. Блогер әкім «сөзің үшін жауап бересің» деп маған қоқан-лоқы көрсетті деп отыр. Қала әкімі бүгін әлеуметтік желілердегі хабарламаға байланысты түсінік берді.
«Кеше әлеуметтік желілерде ешқандай фактілер мен дәлелдерге емес, тек эмоцияларға негізделген хабарлама тарады. Мені қала басшысы ретінде екіжүзді адам деп айыптауды қорлық деп санаймын. Әрине, мен мұндай дәлелсіз және ар-намысымды қорлайтын сөздерді әрекетсіз қалдыра салмаймын. Мен ол адамға қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатынын айтқанда, ол мұны Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ұстануға шақыру емес, оны қорқыту деп түсінді. Мен әрқашан аргументі бар, шындыққа негізделген шағымдарды тыңдауға дайынмын. Бірақ сіздер сияқты мен де мені біреудің эмоцияға беріліп, қорлауына жол бермеймін.», – деді Жақсылық Омар.
Қала әкімі енді өзін қорлаған блогерге қатысты сотқа арызданбақшы.

Exit mobile version