1 сәуірде Семей қаласының маңайындағы елді мекендердің бірі Суықбастаудағы Цветочная көшесінің бойындағы екі қабатты, көп пәтерлі үйлердің бірінде бір отбасының 2012 және 2015 жылы туған екі баласы өрттен қаза тапқан. Балалардың мүрдесін өрт қауіпсіздігі мамандары жуынатын бөлмеден тапты. Өрттің шығуына байланысты бірнеше себеп болжанған: абайсызда болған немесе балалардың ойынынан шыққан өрт, не болмаса қасақана өртеген. Бұл туралы Семей әкімдігінде өткен брифингте айтылды.
Оқиға болған кезде балалардың аналары есікті құлыптап, үйден шығып кеткен, ал балалар үйде жалғыз өздері ойнап отырған. Қазіргі уақытта аналары жүкті. Оның сөзінше, өзі дәрігердің қабылдауына шығып кеткен екен. Балалардың анасы Темерканова (Лаврухина) Анастасия Анатольевна ішімдікке әуестігіне байланысты бірнеше рет учаскелік полициядан ескерту алған.
Әкесі-Темерканов Виктор Шакенович Нұр-Сұлтан қаласында құрылысшы болып істейді. Қайғылы оқиға болған кезде ол Семейде болмаған. Қаза тапқан үлкен баланы ол өзімен астанаға әкетіп жүрген, ал кіші баланы мемлекет қамқорлығына алу туралы шешім шығарған. Себебі Темеркановтар тұратын баспана санитарлық талаптарға сай болмаған, бірақ балалардың анасы құзырлы орындарға арыз жазып, баласын қайтарып алған.
Қала әкімі Ермак Сәлімовтың сөзінше, Темеркановтар отбасы жағдайы төмен отбасы ретінде әлеуметтік көмек сұрамаған жән жұмыссыз ретінде де тіркелмеген. Қаза тапқан балалардың әкесі Нұр-Сұлтан қаласынан келіпті, ал анасымен Дағдарыстан Шығару Орталығында психологтар жұмыс істеп жатыр.
Семейде 2350 көпбалалы отбасы бар, олардың 292-сі аз қамтылған.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024