Оқиға 11 тамыз күні сағат 18:21 шамасында Шмелев Лог кенті ауданындағы қоқыс төгетін орында басталған. 1 гектарды шарпып өткен жалынды сөндіру жұмыстары әлі де жалғасуда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Өртті сөндіру үшін 12 маман және 6 өрт сөндіру техникасы, сонымен қатар, «Өскемен Тәртіп», «Өскемен Водоканал», «Спецкоммунтранс» ұйымдарынан 10 адам жұмылдырылды.
– Өрт сөндіру техникасының қозғалуына қоқыстар біраз кедергі тудырды, алайда өртті сөндірдік, – дейді Төтенше жағдай қызметіндегілер.
ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, кәсіпорын қызметкерлері өрт сөндіру қызметінің көмегіне кеше ғана жүгінген екен. Оған дейін жалынды өз күштерімен ауыздықтауға тырысыпты.
Дереккөз: altaynews.kz
-
23.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024