arasha.kz

ШҚО: Қоқыс полигоны өртенді (видео)

Оқиға 11 тамыз күні сағат 18:21 шамасында Шмелев Лог кенті ауданындағы қоқыс төгетін орында басталған. 1 гектарды шарпып өткен жалынды сөндіру жұмыстары әлі де жалғасуда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Өртті сөндіру үшін 12 маман және 6 өрт сөндіру техникасы, сонымен қатар, «Өскемен Тәртіп», «Өскемен Водоканал», «Спецкоммунтранс» ұйымдарынан 10 адам жұмылдырылды.

– Өрт сөндіру техникасының қозғалуына қоқыстар біраз кедергі тудырды, алайда өртті сөндірдік, – дейді Төтенше жағдай қызметіндегілер.

ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, кәсіпорын қызметкерлері өрт сөндіру қызметінің көмегіне кеше ғана жүгінген екен. Оған дейін жалынды өз күштерімен ауыздықтауға тырысыпты.

 

Дереккөз: altaynews.kz

Exit mobile version