arasha.kz

Тоқаев Риддердегі жағдайды бақылауға алды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Риддер қаласындағы жараланған тұрғындарға көмек көрсетуді тапсырды. Риддерде бір күн бұрын 35 тұрғын үй өрттен қираған.

«Үкімет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өрттен зардап шеккен Лесхоз ауылының тұрғындарына көмек көрсетіп, оларды үймен қамтамасыз етумен айналысады. Президент бұл жұмысты бақылауға алды»,- деді президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өрттің себебі алдағы екі-үш күнде анықталатынын айтты.

Айта кетейік, орман өрті 10 мамырда Риддердегі (Шығыс Қазақстан облысы)Лесхоз ауылының қасында басталған. Өрт тұрғын үйлерге тез тарап кетті. 35 үй мен 9 қосымша ғимарат жанып кетті. Полигонда төтенше жағдайлар министрлігінің 200 адамы мен 50-ге жуық техника жұмыс істейді. Тікұшақтар тартылды.

Қатты жел өртті тез жайып жіберді. Аз уақыттың ішінде өрт орманнан тұрғын секторына тарады. 1948 жылы туған әйел қайтыс болды, тағы екі адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Облыс әкімі Ахметовтің айтуынша, баспана мәселесін толығымен шешу үшін екі жарым ай бұрын қажет.

«Мен өртте қаза тапқан ауыл тұрғыны Галина Филаретовна Спивакованың отбасы мен достарына қайғыра көңіл айтамын», – деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов.

Exit mobile version