
Халқы тығыз орналасқан оңтүстік облыстардан еңбек күші тапшы солтүстік пен шығыс өңірлерге 8600 адам көшірілмек.
Оның 2800-і Қызылжар өңірінде қоныстанады. Жыл басынан бері теріскейге 260 отбасы табан тіреді. Биылдан бастап, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында әр отбасына баспана сатып алу мақсатында 4 млн теңге көлемінде ұтқырлық сертификаты табысталады.
Яғни, бұған дейін азаматтар жергілікті әкімдіктер ұсынған баспаналарда тұрса, енді өздері таңдап алады. Жауапты органдар өңірге келушілерді қарсы алуға дайын. Солтүтік Қазақстанда 5 мың жұмыс орны бос тұр. Әсіресе білім беру, ауыл шаруашылығы, құрылыс және денсаулық сақтау саласында маман тапшы.
Эльмира Кәленова, «Қазақстан», телеарнасы
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025