19-11-20 |
2210 рет қаралған
Солтүстік Қазақстанда қаңыраған ауылдар көбейіп барады.
Солтүстік Қазақстанда қаңыраған ауылдар көбейіп барады

Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындары азайып кей жерлерде мүлдем қаңырап қалған ауылдардағы мектеп, балабақша, клуб ғимараттары сатылып жатыр.

Жергілікті pkzsk.info сайты келтірген дерекке қарағанда, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданына қарасты қаңырап қалған Ақбалық ауылындағы мектеп 10 қарашада өткен аукционда 1 290 728 теңгеге сатылған. 

Ал 13 адам ғана тұратын Рождественка ауылындағы екі қабатты мектеп 1 413 874  теңгеге сатылып кеткен. 

Мәселен, Есіл ауданына қарасты Леонидовка ауылындағы 1988 жылы салынған мектеп 287 500 теңгег сатылған.

Облыста күз басынан бері пайдаланылмай тұрған ондаған мектеп, балабақша, клуб, асхана ғимараттары сатылған.

Тұрғындары көшіп қаңырап қалған немесе бірнеше адамға тұратын Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы көп ауылдардағы әлеуметтік ғимараттар осылайша сатылып жатыр.

Шекаралық аймақтағы ауылдардың қаңырап қалуы ұлттық қауіпсіздік мәселесіне барып тірелетін нәрсе. Үкімет кезінде бұл аймақтағы ауыз су, жұмыспен қамту мәселелерін шеше алмағандықтан тұрғындар басқа жаққа қоныс аударған.

Үкімет «Серпін» бағдарламасын қабылдап, халық тығыз орналасқан оңтүстік аймақтардан солтүстікке халық көші-қонын ұйымдастырған. Алайда соңғы жылдары бұл бағдарлама да сұйылып кетті.

Оның үстіне Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарынан Ресейге – тарихи Отанына көшушілер де жыл сайын көбейіп келеді.

фото: pkzsk.info

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.