Тергеу барысында 18 қатысушыдан жауап алыныпты. Мәжіліс алаңында Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Солтүстік Қазақстан облысындағы сепаратистік үндеулерге қатысты жағдай туралы журналистердің сұрақтарына жауап берді.
«Арыз бойынша іс қозғалған жоқ, бұл ақпаратты алған бойда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҰҚК департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 180-бабының 2-тармағы – «БАҚ құралдарын пайдалану арқылы сепаратизмді насихаттау» бойынша қылмыстық іс қозғады. Қылмыстық іс аясында тұрғылықты жерінде, жұмыс орнында тінту жұмыстары жүргізілді. Тәркіленген бейнетасымалдаушыларға, сондай-ақ әлеуметтік желідегі сюжетке бірден экспертиза тағайындалды», – деді ол.
Өмірәлиевтің айтуынша, сараптаманы Әділет министрлігінің қызметкерлері жүргізеді, одан кейін әрбір қатысушы актілерінің квалификациясы бойынша қорытынды шығарып, бұлтартпау шарасын қолдануға болады.
«18 адамнан жауап алынуда, бірақ олар күдіктілер емес», – деп қорытындылады Бас прокуратураның өкілі.
Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында бір топ адам өздерінің «Қазақстаннан бөлініп, «Халық кеңесін» құратындарын мәлімдеген. Әлеуметтік желіде тараған видео қоғамда резонанс тудырып, қызу талқылаған. Депутаттар бас ппрокуратураға ашық хат жазды. Бірнеше күннен кейін бұл мәселе қоғам назарынан тыс қалды.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024