СҚО да Қызыл кітапқа енген құсты атқан Айыртау ауылының тұрғыны 3 жылға бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы Экспрес К жазды.
СҚО облыстық сотының баспасөз қызметі Ш. есімді ер адам 18 қыркүйек күні орманға аң аулауға шығып, жолай сирек кездесетін аққуды атып алғанын мәлімдейді.
Қылмыскердің кінәсі куәгерлердің сөзімен және заттай айғақтармен толық дәлелденген.
«Ш есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеумен түсті. Прокурор сотталушыны 3 жылға бас бостандығын шектеу және 7 жылға дейін аңшылық құқығынан айыруды сұрады», – деп жазылған аудандық соттың хабарламасында.
Сотталушының өз қылмысын мойындауы және бұған дейін сотталмағаны ескерілген. Сот оны 3 жылға дейін бас бостандығынан айырып, 7 жылға дейін аңшылық құқығын шектеген.
Қылмыскер өзі келтірген шығынды толық өтеді. Оның мылтығы да тәркіленген.