18-05-24 |
16580 рет қаралған
Су тасқыны: Абай облысында тас жолдың 22 тұсын су шайып кеткен.
Су тасқыны: Абай облысында тас жолдың 22 тұсын су шайып кеткен

Бұл туралы «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Абай облыстық филиалының директоры Фархат Джуланов айтты.

Көктемгі су тасқыны кезінде облыстағы тас жолдардың 22 тұсын су шайып кеткен. Оның екеуі республикалық маңызы бар жол болса, қалғандары өңірлік жолдар.  

«Жолдарды қалпына келтіру жұмыстары аясында мердігер ұйыммен бүлінген жолдар тез арада жөнделді. Жалпы Абай облысында үш көпірді су шайды. Ол Аягөз, Көкпекті және Ақсуат аудандарында. Ол жерде тапсырыс беруші, яғни жергілікті басқарушы органдар техникалық тексеріс жүргізеді. Соның қорытындысы шыққан соң қандай жөндеу жұмысы жүргізілетіні белгілі болады», – дейді филиал директоры.

Сонымен қатар ол бүлінген жолды жөндеп жатқандарға қосымша су өткізу құбырларын орнатқызып жатқандарын айтты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.