фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Түркістан облысы Мақтарал ауданындағы судан зардап шеккен елге қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, экс-президент Н.Назарбаевтың сәлемін жеткізіпті. Өзбекстандағы «Сардоба» су қоймасы жарылып, жайылған судан зардап шегіп жатса да мақтаралдықтар Назарбаевтың сәлемін естіген мақтааралдықтар бір марқайып қалған. Қуанғандары сонша экс-президенттің сәлемін жеткізген Бауыржан Байбекке алғыстарын айтып, ақ баталарын берген. Мұндай жағдай Бауыржан Байбек пен Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев екеуі Мырзакент ауылында бой көтерген жаңа ықшам ауданның болашақ қоныс иелерімен кездескенде болған.
Сол жерде Б.Байбек: «Елбасының тапсырмасымен осында келіп отырмын. Ертең оны баяндайтын боламын. Қай күйде екендеріңізді жақсы түсінемін. Аяқ астынан болған жағдай, аз уақыттың ішінде. Өмірзақ Естайұлы өзі Арыста болды, басқа да қиын жағдайларда. Елбасы тапсырмасы бойынша Түркістан қаласы салынып жатыр. Ең тәжірибелі әкімдердің бірі. Сіздер жалғыз қалмайсыздар. «Нұр Отан» халықтың партиясы болғандыктан, біз сіздермен біргеміз», – деген екен.
Өзбекстандағы «Сардоба» су қоймасында апат болып, су жайылы Түркістан облысы Мақтарал ауданындағы 4 ауылды су басып, 620 үй бүлінгені хабарланған.