фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Н.Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев Мақтаралдағы судан зардап шеккен, жағдайы төмен 100 отбасыға 100 мың теңгеден таратып, Мырзакенттегі жаңа шағын ауданнан 20 үй салмақшы екен. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» қорының ресми өкілі Нұрлан Байымбетов: «Мырзакенттегі біздің қор атынан салынып жатқан үйлерді жергілікті «Нұр ел» және «Тіней-құрылыс» компаниялар жүргізуде. Қазіргі таңда жерді қазу, құрылысқа дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Алдағы күндері іргетасын қалап, 20 үйдің құрылысын шілде айының 20-ы күні толық аяқтауды жоспарлап отырмыз», – депті.
«Сондай-ақ, «Салиқалы ұрпақ» қоры судан зардап шеккен жағдайы төмен 100 отбасыға 100 мың теңгеден үлестірмек. Балаларға да базарлық ретінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 20 оқушыны Алматы облысындағы жазғы лагерьлерге жөнелтетін болады» делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Бұдан бөлек қор Мақтаралға 20 тонна азық-түлік берген екен.