arasha.kz

Картада жоқ екі ауыл Түркістан облысына қосылды

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында бар, картада жоқ екі ауыл енді Түркістан облысына қарайды. Үкімет басшысы Асқар Мамин Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Arasha.kz тілшісі.

Түркістан облысының шекарасын өзгерту туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1-1 тармақшасына сәйкес Қаулы шықты. Қаулыда Бағыс және Хиебон елді мекендерінің жалпы алаңы 795,62 гектар жерін Түркістан облысының шекарасына қосу арқылы Түркістан облысының шекарасы өзгерту міндеттелген.  Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.

Exit mobile version