03-05-20 |
1580 рет қаралған
Мақтарал: Тағы бірнеше ауыл тұрғындарын көшуге дайын отыруға шақырды.
Мақтарал: Тағы бірнеше ауыл тұрғындарын көшуге дайын отыруға шақырды

фото: Мира Мүсілім

Түркістан облысы Мақтарал ауданындағы су тасқыны толастамай тұр. Облыс әкімі штаб отырысын өткізіп, су тасқынынан зардап шеккен халыққа жан-жақты көмек беру, шығындарды есептеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Ал су басу қаупі тағы бірнеше ауылға төніп тұр. Мәселен, облыс әкімінің баспасөз хатшысы Мира Мүсілімнің хабарлауынша, Өргебас ауылын су басып, су деңгейі М-39 «Ташкент-Термез» трассасының бойына жайылған. Сонымен қатар, ішкі каналдар арқылы трассының келесі бетіне су жіберілген.

«Алдағы уақытта Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Ырысты, Қарақыр және Достық ауылдық округіне қарасты Гүлістан ауылының тұрғындарына су басқан жағдайда көшуге дайын болу керектігін ескертеміз.
Осыған орай, үй жануарларын қауіпсіз жерге көшіріп, өздеріңізбен бірге құжаттарыңызды, жылы киім, бағалы заттар және керекті заттарыңызды дайындап, эвакуацияға дайын болуларыңызды сұраймыз!» дейді облыс әкімнің баспасөз хатшысы Мира Мүсілім.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.