фото: Видеодан алынған скриншот
Түркістан қаласындағы №15 мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімін полиция жұмыс орнынан күштеп алып кетіп, мектеп әжетханасын күзету кезекшілігінде орнында болмағаны үшін 12 мың теңге айыппұл салған.
Оқиға былай болған: 13 желтоқсанда полиция подполковнигі Данияр Мейірхан №15 мектепті тексеруге барған. Мектеп ішінде әжетхана жоқ екенін көрген ол далаға шығып, сырттағы дәретханаға барған. Онда дәретхананы кезекшілікпен күзетуі тиіс мұғалім орнында болмаған. Сөйтсе сол күні әжетхананы күзету дене шынықтыру пәні мұғалімі Бақыт Манасұлының кезегі екен. Полицей мұғалімнен «неге әжетхананы күзетпегенін» сұрағанда мұғалім: «киім ауыстыру үшін мектепке кіргенін» айтқан. Әрі қарай мұғалімдер мен полицейлер сөзге келіп қалып, полиция дене шынықтыру пәні мұғалімін күшпен бөлімшеге алып кеткен.
Видео: блогер Аида Жексеннің телеграм каналы
Таразда 7 сынып оқушысына 38 жастағы адам зорлық жасаған оқиғадан соң ел аумағында мектепте күзет күшейтілгені мәлім. Ал Түркістан қаласындағы №15 мектеп мұғалімдері сырттағы дәретхананы кезекпен күзетіп келген.