Арыстағы жарылыстан бір адам қаза тапқан. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы брифинг кезінде хабарлады.
«Зардап шеккендер бар, 31 адам ауруханаға жеткізілді. Екеуі ауыр халде. Бір адам қаза тапты. Снаряд оның машинасына түскен» деді Шөкеев.
Әкімнің мәліметінше, оқиға орнына 51 жедел көмек беру тобы жіберілген, соңғы сағаттарда Арыстан 1616 көшірілген.