
Түркістан облысының тұрғындары ұрланған малын тауып берген полицейлерге алғыс айтты. Жуықта тәртіп сақшылары 6 ауданнан мал ұрлаған 2 қылмыстық топты ұстады. Осылайша, 2019-2020 жылдардың аралығында жұрттың қора-жайларынан, жайылымдардан жымқырылған 78 бас малдың, 42-сі күдіктілерден тәркіленіп, заңды иелеріне қайтарылды.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта осы қылмыстарға қатысты 8 күдікті қамауға алынған. Олар Түркістан мен Шымкент қаласының тұрғындары. Ұрланған малды сатып алып отырған 4 азамат та ұсталды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Тұрғындардың лебізін видеодан көріңіздер.
-
01.03.2025
-
01.03.2025
-
01.03.2025
-
01.03.2025
-
01.03.2025
-
01.03.2025
-
28.02.2025
-
28.02.2025
-
28.02.2025