arasha.kz

Шымкенттік кәсіпкер мүгедек балалардың ақшасын ұрлады

Шымкетте арнаулы балалар алаңқайын салу кезіндегі ақша желінген.

 

Қаржылы мониторинг таратқан мәліметке сүйенсек, жеке компания 2019 жылы мүгедектігі бар балаларға арналған алаңқай салу кезінде 3 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілінді. Істелген жұмыс актісіне жалған мәлімет енгізілген. 

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді. 

Агенттік мәліметінше, ата-анасының қамқорлығынсыз немесе жетім қалған, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қатысты ақша ұрлау деректерін анықтау бойынша үнемі жұмыс жүргізілетінін мәлімдеді. 

Exit mobile version