arasha.kz

Түркістанда таңғы жетіде 150 адамға той жасаған

Түркістан облысында таңғы жетіде той өткізгендер анықталды. Әкімдік дрон арқылы қыз ұзату жасағандардың үстінен түсті. 

 

Ақпарат әлеметтік желіде қызу талқыға түсті. Қарабұлақ ауылының тұрғыны таңғы сағат 7:00-де 150-ге жуық адамды жинап, той өткізген.  Карантиндік талапты бұзған той ұйымдастырушысы жауапқа тартылды. 

Әкімдік өкілдері той туралы хабарды белгісіз біреу әкімнің өзіне жеткізгенін айтады. Мониторинг тобы көрсетілген мекенжай бойынша келген, алайда бұл жерден ешкімді таба алмапты. Алайда дронның көмегімен айналаны бақылап шығуды ұйғарған олар, қыз ұзатудың басқа жерде өтіп жатқанын анықтаған.

Өз кезегінде әкімдіктегілер ұшқышсыз ұшу аппараттары заңбұзушылыққа жол бергендерді анықтау үшін жиі қолданылатынын атап өтті. Тойға келгендер үйлеріне тарқасып, ал басқосуды ұйымдастырған айыппұл арқалады. 

Exit mobile version