arasha.kz

Түркістаннан тағы шу шықты…

Түркістан облысы құрылып, орталығы Түркістан қаласы болып бекітілген соң, әр облыс Түркістанда түрлі ғимараттар салғаны мәлім. Облыс орталығындағы сондай бірнеше ғимарат жекенің қолына сатылмақшы деп дабыл қағады Түркістан қаласындағы туристерге қызмет көрсету орталығының директоры Өткір Амангелдұлы Малдыбеков. Ол бұл туралы «Ағалық болашақ» деп аталатын youtobe каналда блогер Әлқожа Балқожаевқа айтқан.

Түркістан облыстық прокуратурасының алдында жазылған видеода Әлқожа Балқожаев Өткір Малдыбаевтан қандай ғимараттар коммерциялық мақсатта сатылмақшы деп сұрап, өз кезегінде Малдыбаев бірнеше ғимарат оның ішінде жетімдер үйіне тиесілі жер де бар екенін айтады. Әрі Өткір Малдыбаев Түркістан қаласы туристерге қызмет көрсету орталығын да жекеменшікке беру әрекеттері болып жатқанын айтып, құжатқа қол қоймағандықтан өзіне қатысты қысым жасалып жатқанын мәлімдейді.

Блогер Әлқожа Балқожаев пен Амангелді Малдыбаев прокуратураға кіріп, телефон арқылы жоғарыдағы мән-жайды баяндайды.

Бұдан бұрын Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркияның вице-президенті Фуат Октайға арналған шапанды киіп алып, ұятқа қалғаны еді. Кейін облыс әкімінің ол қылығын облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов түсіндіруге талпынған.

Енді міне, Түркістан қаласындағы кейбір ғимараттар жекеменшікке өтеді-мыс деген шу шығып отыр.

Exit mobile version