Түркістан облысы әкімдігі 30 секундтық бейнероликті халықаралық BBC World News арнасында жариялау үшін 63,4 миллион теңге төлеген.
Protenge тегерам арнасының мәліметіне қарағанда, BBC World News арнасы бұл ақшаға аталған роликті Еуропа, Таяу Шығыс және Орталық Азияға екі апта бойы көрсетуге тиіс болған. Сонымен қатар BBC өзіне тиесілі сайттарда Түркістан облысы туралы баннер орналастыруы керек еді.
Түркістан облысының туризм басқармасы мен «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы арасында келісім-шарт жасалып, 63,4 млн теңге толық төленген.
Бейнебаянды өзіміз көргіміз келіп, әкімдікке өтініш жаздық, еш қиындықсыз көрсетті. Бейне-үзік жақсы әрі әдемі екені сөзсіз! Бірақ олар «туризмнің даму көрсеткіштеріне жету» үшін оны жасап, халықаралық арнада көрсетті. Осыдан кейін сіздің ойыңызша Туризм департаменті қалаған нәтижеге қол жеткізді деп ойлайсыз ба?
Arasha.kz
ФОТО: Baq.kz