«Apple Россияның» YouTube каналына Байқоңыр ғарыш айлағы туралы деректі фильм жарияланды. Фильмді 5600-ден артық адам тамашалаған.
«Алғаш рет спутник ұшырылған аты аңызға айналған Байқоғыр және сол жерде тұратын, жұмыс істейтін адамдардың тарихы. Фильм iPhone-ға түсірілген» -деп жазылған деректі киноның түсіндірмесінде.
Үш минуттық фильмде қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров, Халықаралық космос мектебінің директоры Дмитрий Шатталов және Байқоғырда жұмыс істейтін адамдар ғарышкерлік туралы, ғарыш айлағы және Байқоғыр қаласы туралы әңгімелейді.
«Мен жердің кеңістікте ұшып жүрген кішкентай шар ғана екенін түсіндім. Жаратылыста ол шаңның тозаңындай ғана дүние», -дейді Т. Әубәкіров.
Халықаралық космос мектебінің директоры Дмитрий Шатталов: «Космонавт болуды бәрі армандауы мүмкін, бірақ ғарышқа ұшқан адам саны 500-ден аспайды», -дейді.
Ал қалаға келген қонақтарға ғарыш айлағын көрсетіп, таныстыратын гид Марина ғарыш саласына қызыққан туристер ракетаны, ғарыш айлағын көзбен көру үшін келетіндігін жеткізеді.
«Қалада уақыт тоқтап қалған сияқты. Байқоңыр мүлдем өзгермейді. Қаланың салыну мақсаты да осы космодромды ұстап тұр үшін еді. Ракета барда қала болады», -дейді гид.