Қызылорда облысында мәдениет басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Шенеунік жеке кәсіпкерден нысанды кедергісіз қабылдап, оған тиесілі қаржыны уақытылы аударып бергені үшін 1 миллион теңге көлемінде пара алғандығы әшкере болды.
Сот санкциясымен күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Басқа ақпараттар тергеу құпиясына байланысты жарияланбайды.