Оның алтауы келер жылы, үшеуі 2026 жылға қарай пайдалануға беріледі. Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде мәлім етті.
Биыл өңірде 1200 және 300 орындық екі жайлы мектеп ашылды. Жыл аяғына дейін Водников ауылындағы 1200 орындық тағы бір жайлы мектеп пайдалануға беріледі. Қазір облыста 20 мектеп пен 6 балабақша салынып жатыр.
- Атырауда үш ауысымды және апаттық мектептер мәселесі өзекті. Оны шешу жоспарына сәйкес, өңірде биыл 4200 орындық 3 мектеп пайдалануға берілді. Алдағы екі жылда 27 мектептің құрылысын аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Нәтижесінде өңіріміздегі 9 үш ауысымдық 4 апатты мектептің мәселесі түбегейлі шешіледі.
-деді С.Шәпкенов.