Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев арандатушылар тұрмыстық қақтығысты ұлтаралық жанжалға айналдырмақ болған деп отыр.
«Қайғылы жаңдай болды, адамдар қаза тапты. Өкінішке қарай бұл арандатушылардың тұрмыстық қақтығысты ұлтаралық жанжалға айналдыруға тырысуларының нәтижесінде орын алды», -деді Дәурен Абаев журналистердің сұрағына жауап беру кезінде.
Еске салсақ, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Сартөбе және Масанчи ауылдарында жаппай төбелес шыққан болатын. Қақтығыс нәтижесінде 8 адам көз жұмып, 40-жуық кісі тұрлі жарақат алды.