arasha.kz

Қордайда тұрғындар арасында төбелес болған

Әлеуметтік желіде Жамбыл облысы Қордай ауданында әлдебір оқиға болып жатқаны жайлы хабар тарауда. Осыған байланысты Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабар таратты.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жамбыл облысы, Қордай ауданы Масаншы ауылында тұрғындар арасында төбелес болған. Полиция жанжалды басып, оқиғаны бақылауға алған. 

Полиция департаменті  жалған ақпарат және қаңқу сөз тараптпай, көпшілікке тек ресми ақпаратқа қана сенуге шақырған.

Әлеуметтік желі және мессенджерлер арқылы жалған ақпарат тарату заң бойынша қылмыс болып саналады.

Exit mobile version