Президент Қ.Тоқаев Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаевты (суретте) қызметінен алып тастау туралы Жамбыл облысы әкімі Асқар Мырзахметовке тапсырма берді. Бұған Тараз қаласы мектептерінің бірінде болған бала зорлығы қылмысы себеп болды.
Жамбыл облысының әкіміне Тараздағы 12 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен оқыс оқиғаға байланысты және жұмысында жүйелі кемшіліктер жібергені үшін Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырдым. Облыс әкіміне ескерту жасадым.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) November 21, 2019
Сондай-ақ президент Жамбыл облысы әкіміне оқиғаға қатысты ескерту берген.