arasha.kz

Жамбылдағы жарылыс орнында болған екі адам табылмай жатыр

Жамбыл облысында жарылыс кезінде қаза тапқандар саны 14-ке жетті. Екі адам табылған жоқ. 

«Жамбыл облысында жарылыс кезінде қаза тапқандар саны он төрт адамға жетті. Қорғаныс министрлігінің саперлері тағы бір адамның денесін тапты. Оның жеке басы анықталады. Қаза болғандардың арасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері де бар», – делінген ТЖМ хабарламасында. 

Сондай-ақ жоғалған тағы екі адамды іздеу жалғасып жатқаны айтылады.

Еске сала кетсек, 26 тамыз күні кешкі сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймасынан өрт шығып, жойқын жарылыс болған еді. Салдарынан 14 адам қаза тапты. 

Exit mobile version