arasha.kz

Жеті жемқор. Парақор полицейлер

Алматы қаласы мен облысының патрульдік полиция инспекторлары пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Антикор хабарлады.

Алматы облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша патрульдік полицияның 7 қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Олар бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінген. Полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзған азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін заңсыз ақшалай сыйақы алған. Сонымен қатар инспекторлар жолдарда іс жүзінде құқық бұзушылық жасамаған азаматтардың ақшасын алаяқтық жолмен иемденген – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қылмыстық істің материалдары сотқа жолданды.

Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жетісу өңірінің білім саласындағы жемқорлық жайлы хабарлаған болатынбыз.

Arasha.kz

ФОТО: halyq-uni.kz

Exit mobile version