14-07-20 | 11:41
Аймағамбетов: 1 қыркүйектен бастап еліміздегі барлық мектептер қашықтан оқыту жүйесімен жұмыс істейді.
Аймағамбетов: 1 қыркүйектен бастап еліміздегі барлық мектептер қашықтан оқыту жүйесімен жұмыс істейді

фото: Орталық коммуникациялар қызметі

14 шілдеде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 1 қыркүйектен бастап еліміздегі барлық мектептер қашықтан оқыту жүйесімен жұмыс істейтінін астанада өткен брифингте мәлімдеді.

“1 қыркүйектен бастап еліміздегі барлық мектептер қашықтан оқыту форматымен оқытатын болады. Әрине бұл өте күрделі шешім. Біз түсінеміз қазір қоғамда бірнеше осы мәселеге қатысты өздерінің ойлары бар, өздерінің ұсыныстары бар. … Бірден он бірге дейін қашықтан оқыту. Оған біз барлық тиісті жағдайды жасап беруіміз керек”, -деді А. Аймағамбетов.

Сондай -ақ министр шалғайдағы шағын жинақты мектептерде жұмыс штатты режимде істей беретінін айтты. Ал бастауыш сыныптарына қатысты түрлі жаңдайларды қарастыратындықтарын айтты.

“Егер ата-аналардың өтініштері болса, бастауыш сыныптары бойынша біз  уақытша сыныптар ашып беруге дайынбыз. … Барлық санитарлы нормаларға сай тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.  Соның ішінде бала таңертең сабаққа келгенде дене қызуын өлшеу мәселесі бойынша, оны залалсыздандыру мәселелерін қолға алу бойынша, жалпы сыныптарды бірнеше ауысымға бөлу мәселесін қарастыратын боламыз егер келетін болса, және де топтарда көп дегенде он -онбес қана бала болып, сыныптарды бірнеше топтарға бөліп оқытуды қарастыратын боламыз. Тағы да мәселелер қолға алынатын болады. Біз үшін ең басты мәселе балалардың қауіпсіздігі”, -деді министр Аймағамбетов.

Колледждер мен университеттер де көбінесе қашықтан оқытылатын болады деп отыр Білім және ғылым министрі.

“тек қана тәжірибе, лабороториялық жұмыстары бар кейбір мамандықтар бойынша дәстүрлі реимде оқу бойынша ұсынысты қабылдап, мүмкіндік береміз”, -деді министр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.