Айтары жоқ Асқар Мәмин журналистерден қашты.
Айтары жоқ Асқар Мәмин журналистерден қашты

Айтары жоқ Асқар Мәмин журналистерден қашып, жеделсатыға мініп жан-жақтан жауған сұраққа ләм деп жауап қатпастан кетіп қалды.

Оқиға мәжілістің дәлізінде болған. Мәжілісте бүгін 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасы қаралды. Соған орай мәжіліске премьер-министр келген.

Асқар Мәминнің отставка мәселесі жазда елде картоп, сәбіз тапшылығы туындағанда айтылған. Кейін қымбатшылық пен Маңғыстаудағы жұт кезінде тағы көтерілген. Бірақ Асқар Мәмин өз еркімен отставкаға кетпеді. Президент үкіметті отставка жібере алмады. Президент әртүрлі мәселе бойынша үкіметке бір ай уақыттан берумен ғана шектеліп отыр. Мәселен, 1 қыркүйекте президент Мәминге бір ай уақыт берген. 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk