25-06-20 | 18:33
Алексей Цой денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды.
Алексей Цой денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды

Денсаулық сақтау министрі болып Алексей Цой тағайындалды. Тағайындау туралы президент жарлығы шықты.

Бұған дейін үш жыл денсаулық сақтау министрі болған Елжан Біртанов қызметінен босатылған еді.

Жаңа министр күні кеше ғана денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалған еді. Оған дейін президент іс басқармасындағы медицина орталығының жетекшісі болған. Әр жылдары денсаулық сақтау министрлігінде лауазымды қызметтер атқарған.

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясын бітірген. Шымкентте туып-өскен.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk