11-02-21 | 09:48
Алексей Цой: Қайта қалпына келу кезеңі ұзаққа созылады.
Алексей Цой: Қайта қалпына келу кезеңі ұзаққа созылады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина салдырудың маңыздылығын түсіндірді. Айтуынша, иммундық жүйеге кері әсерін беретін инфекция  созылмалы ауруларды асқындырады. Одан сақтанудың жолы – вакцина алу.

«Халық арасында «вакцина салғанша коронавируспен ауырып шыққан жақсы» деген пікір бар. Бірақ бір нәрсені еске салғым келеді. Ондайда аурудан кейінгі асқынулар болуы мүмкін. Ол иммундық жүйеге кері әсерін тигізеді. Созылмалы аурулар асқынып кетеді. Жүрек, өкпе, бүйрек сияқты органдардың функциясы бұзылады. Сондықтан COVID-19 салдарсыз өтпейді. Ал қайта қалпына келу кезеңі ұзаққа созылады», – деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Министр вакцинация 400 жылдан бері адамзатты шешек, оба, полиомиелит сияқты аса қауіпті аурулардан қорғап келеді.

«Соңғы отыз жылда халық арасында эпидемиялық паротитті жұқтыру көрсеткіші 870 есеге, В гепатитіне шалдығу 150 есеге, ал көкжөтелді жұқтыру 7,3 есеге азайған. Қазіргі кезде біз вакцинаның арқасында полиомиелит, дифтерия, сіреспе сияқты инфекцияларды ұмыттық», – деді Цой.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.