13-06-18 |
9080 рет қаралған
1-шілде ұлттық домбыра күні болып бекітілді.
1-шілде ұлттық домбыра күні болып бекітілді

Бүгін президент Н.Назарбаев 1-шілдені ұлттық домбыра күні етіп бекіту туралы жарлыққа қол қойды.

«Қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып айқындалсын.
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
  3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
  4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі».

Ұлттық домбыраның күнінің бекітілуі елдегі ұлттық музыкалық дәстүрлі өнерге тың серпін беруі мүмкін. Яғни, дәстүрлі ән өнерін үзбей жалғастырып келе жатқан әншілер, күй өнерінің бүгінгі шеберлерінің де өнер өрісі ашылып, сол арқылы халық шынайы ұлттық өнерге мойын бұрып, ұлт мәдениетінің қайта өрлеуіне негіз болуы да ғажап емес.

Домбыра – қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы. Домбырамен ұлттық музыкалық үлкен мәдениеті ұрпақтан ұрпаққа жетіп, мыңжылдықтардан бері жалғасып келеді. Ұлттық домбыра күнінің арнайы жарлықпен бекітілуі президент бастамасымен қабылданған «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен өзектес. Н.Назарбаевтың өзі де домбыра тартып, ән салады. Қазақтың әншілік-күйшілік өнерінің жақсы тыңдаушысы.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.