30-04-21 |
2070 рет қаралған
«12 жасар қыз бар»: Қырғыз-тәжік шекарасында 13 адам қаза тапты.
«12 жасар қыз бар»: Қырғыз-тәжік шекарасында 13 адам қаза тапты

Қырғыз-тәжік шекарасында жағдай ушықты. Атыс кезінде қаза болғандар арасында жасөспірімдер бар. Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше,  оқиғадан 134 адам зардап шегіп, 13 адам қаза болды.

«Зардап шеккен 25 адам арнайы бортпен Баткеннен Бішкекке жеткізіліп, травмотология мен ортопедия ғылыми-зерттеу орталығына, ұлттық хирургиялық орталығына және ұлттық госпитальге жатқызылды. Екеуінің жағдайы ауыр, қалғаны орташа деңгейде жарақат алған», — делінген ресми хабарламада.

Қазір оқиға орнына төтенше жағдай енгізілді. Баткен ауданы тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірілген. Қақтығыс кезінде 12 жасар бір қыз бала қаза болған.

Естеріңізге салсақ, оқиға 28 сәуір күні  Тәжікстан азаматтарының Ак-Суу өзенінің жағасынан шартты шекара сызығына жақын жерде қиыршық тасты тасудан басталған еді. Кейін Баткен ауданындағы «Головной» бостоғаны жанындағы электр бағаналарға бейнебақылау камераларын орнатуға кірісті.

Әрі қарай екі жақтан 100-150 адам жиналып, бір-біріне тас лақтырып, жарақаттады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.