Президент Қ.Тоқаев Қытайға ресми сапары барысында Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдырына араша түсіп, есірткі тасымалдады деген күдікпен түрмеде отырған Ақжарқынның мәселесін Қытай билігіне жеке өтініші есепті айтып, жеткізген екен. Бұл туралы президенттің көмекшісі Мұрат Нұртілеуов хабарлады.
«Біз жол жүргелі отырғанда Қасым-Жомарт Кемелұлының атына 2014 жылы Гуанжоу әуежайында Қытай құқық қорғау органдарымен ұсталған отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайдың анасынан өтініш түсті. Оның мәтіні БАҚ беттерінде жарияланды. Осыған орай Мемлекет басшысы Бейжіңдегі кездесулерде Қытай тарапына өзінің жеке өтінішін жеткізді. Бұл мәселе жан-жақты талқыланды. Оның нәтижелері бойынша Сыртқы істер министрлігі арқылы осы жұмысты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Сапар нәтижесі бойынша берілетін тапсырмалар тізіміне отандасымыздың тағдырына қатысты мәселе арнайы кіріп отыр», – деді Мұрат Нұртілеуов
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024