2019-2022 жылдары Қазақстанның мемлекеттік бюджетінен қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті сақтауға Т506,7 млрд теңге жұмсалмақ, деп хабарлайды ҚазТАГ Ішкі істер министрлігі ұсынған бюджеттік бағдарлама жобасына сілтеме жасап.
«Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар (мың теңгемен – ҚазТАГ) «қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету»: 2018 – 129 946 554; 2019 – 132 254 094; 2020 – 132 254 094; 2021 – 153 613 268; 2022 – 149 481 627″, — деп құжатта айтылған.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының күрделі шығыстары» кіші бағдарламасына 2019-2022 жылдары Т62, 9 млрд,сол кезеңде «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» кіші бағдарламасына Т3, 2 млрд, «қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» кіші бағдарламасына Т95, 9 млрд, «қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік объектілерін салу,қайта жаңарту» кіші бағдарламасына Т13, 7 млрд, жұмсалмақ.
Барлық бюджеттік бағдарлама 17 кіші бағдарламаны қамтиды.
«Мақсат: қоғамдық тәртіпті нығайту және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғау; есірткіге әуестікті және оның заңсыз айналымының өсуін азайту, есірткінің таралуын қоғам үшін ең төменгі қауіп деңгейіне дейін біртіндеп қысқарту үшін жағдай жасау, ҚР — да нашақорлық пен есірткі бизнесінің одан әрі таралуына мемлекеттік және қоғамдық қарсы іс-қимыл жүйесінің негізгі буындарын одан әрі қалыптастыру және нығайту және олардың тиімділігін арттыру», – делінген құжатта.