АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео америкалық арнайы қызметтердің ирандық генерал Касем Сулейманидің АҚШ-қа ықтимал шабуылы туралы ақпараты болмағанын мойындады, – деп хабарлайды РИА Новости.
АҚШ президенті Дональд Трамп 9 қаңтарда Сулейманидің америкалық елшіліктердің бірінде жарылыс жасауды жоспарлағанын мәлімдеген, бірақ ешқандай да нақты мән-жайды айтпаған.
«Қасем Сулеймани жоспарлаған шабуылдардың толық сериясы болатынына ешқандай күмән жоқ. Біз дәл қашан және нақты қайда екенін білмейміз. Бірақ бұл нақты болды», – деді өз кезегінде Помпео.
АҚШ-тың әскери күштері Иран генералы Касем Сулеймани террорист деп атады. 3 қаңтарда Трамптың бұйрығы бойынша оның көзін жойған. Иран АҚШ-та америкалық базалар бойынша зымыранмен соққы жасап, «кек қайтарған».
«Мен Президент лауазымында болған кезімде Иран ядролық қаруға қол жеткізе алмайды», – деп мәлімдеген Трамп өз елінің азаматтарына арнаған үндеуінде. Сондай-ақ, ол зымыран соққылары салдарынан америкалық әскери қызметшілердің біреуі де зардап шекпегенін хабарлаған.
Дереккөз:kaz.tengrinews.kz
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024