09-10-19 |
3560 рет қаралған
АҚШ: Қытай этникалық қазақтар мен ұйғырларды қуғындап отыр.
АҚШ: Қытай этникалық қазақтар мен ұйғырларды қуғындап отыр

АҚШ мемлекеттік депарменті Қытайдың Шыңжаң аймағындағы этникалық қазақтар, ұйғырлар, қырғыздар және басқа да ұлттық азшылықты қуғындап, репрессиялық кампания жүргізіп отыр деп айыптап, ұлттық азшылықты қуғындауға қатысы бар Қытай шенеуніктеріне визалық шектеу қойды.

АҚШ тың мемлекеттік департаменті жариялаған АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеоның сөзінде визалық шектеу Қытай үкіметі мен коммунистік партияның лауазымды тұлғаларына қойылған. Сондай-ақ бұл шектеу олардың отбасы мүшелеріне де салынуы мүмкін екені айтылған.  Және визалық шектеу кеше АҚШ сауда министрлігінің Қытайдың 28 компаниясына салынған санкция толықтырады делінеді. Осылайша, АҰШ Қытайдан Шыңжаңдағы репрессиялық кампаниясын дереу тоқтатуға шақырады.

Ал Қытай тарапы болса, АҚШ тың әрекетін елдің ішкі ісіне араласу деп отыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.