27-11-19 |
1810 рет қаралған
Ақтөбеде ұсталған азаматты тепкілеген 10 полицей жұмыстан шығарылды (видео).
Ақтөбеде ұсталған азаматты тепкілеген 10 полицей жұмыстан шығарылды (видео)

фото:  fergana news

Ақтөбе облысында ұсталған азаматты тепкілегені үшін он полицей жұмыстан шығарылып, тағы үш полицей тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы Ақтөбе облысы полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға бойынша облыстық полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы «қызметін асыра пайдалану» бабымен қылмыстық іс қозғаған.

Мәлім болғандай, 24 қарашада «Заходи» кафесінен полицияға кафеге келушілердің төбелесіп жатқаны туралы хабар түседі. Оқиға орнына кезекші полиция жасағы жіберіледі. Жасақ кафеге барғанда келушілердің бірі бір әйел адамды ұрып жатқан. Әйелді сабаған адамды және төбелеске қатысқан тағы екі адам полиция бөлімшесіне жеткізілген. Бірақ үсталғандар полиция талабын орындамаған. Сөйтіп олардың үстінен «бұзақылық», «билік өкілінің ар-намысына тию» бабымен қылмыстық іс қозғалған.
Таратылған хабарламада Ақтөбе қаласы Алматы ауданындағы №3 полиция бекетінде ұсталғандардың бірі соққыға жығылған. Оны бір полицей соққыға жықты делінгенімен youtobe видео желісінде тараған видеода бірнеше полицейдің белгісіз бір адамды жабылып тепкілеп жатқанын көруге болады. Таяқ жеген адамның қабырғасы сынып, ауруханаға түскен. Ал төбелеске қатысқан екі адамды полиция босатқан.

Ақтөбе облысы полиция бастығы Атығай Арыстанов аталған іс қатаң бақылауда екенін айтқан.

» Мәселе қатаң бақылауда. Басшы ретінде қызметкерлерді қорғап немесе оларды ісін жасырмаймын» депті Арыстанов.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.