фото: ria.ru
Абхазия президенті Рауль Хаджимба отставкаға кетті.
Президенттің қызметінен кеткені туралы: «Қан төгілмес үшін және республикада қандай да бір тұрақтылық болу үшін ол сондай шешім қабылдап, құжатқа қол қойды» деп мәлімдеген Абхазия вице-президенті Аслан Барциц.
Президенттің отставкасы туралы құжат дереу күшіне енген.
Сондай-ақ Абхазиядағы жағдайды реттеуге Путиннің көмекшісі Владислав Сурков келгені де айтылады.
Абхазияда президент сайлауынан кейін қайта сайланған Рауль Хаджимбаның қызметінен кетуін талап етіп, митингі басталған еді. Оған сайлау нәтижесіне келіспеген оппозицияның әрекеті себеп болды.
Кейін елдің парламенті қоғамдағы жағдайды ушықтырмай президенттен қызметінен кетуді жақтап дауыс берген.
Абхазияда жаңа президент сайлауы 22 наурызға белгіленген.